«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

23 қыркүйек 2026 31
«АҚИҚАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ 105 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ
Алматы қаласындағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Ақиқат» журналының 105 жылдығына арналған «Заман мен зиялы мінбері» ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
 Мемлекет басшысының мерейтойлық құттықтауын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев табыстады. ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев журнал ұжымына ізгі тілегін білдіріп, басылымның ұлттық ой-сана, ғылым мен қоғамдық пікірді дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ғылыми институттардың директорлары мен университет ректорлары да құттықтау сөзін жеткізді. Конференцияны «Қазақ газеттері» ЖШС директоры Ержан Байтілес жүргізді.
Журналдың тарихы 1921 жылғы 15 қыркүйекте Орынборда «Қызыл Қазақстан» атауымен жарық көруінен басталады. Алғашқы бас редакторы Абдолла Асылбеков болған басылымда Ораз Жандосов, Смағұл Садуақасов, Нәзипа Құлжанова сынды ұлт қайраткерлерінің қолтаңбасы қалған.
Ғасырдан астам уақыт бойы елдің қоғамдық ойына қызмет етіп келе жатқан «Ақиқат» журналының ұжымын мерейлі белесімен құттықтаймыз! Басылымның зиялы қауым мінбері ретіндегі абыройы арта берсін!
НАН РК