Білім деңгейін, мәдени дамуды және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған негізгі бағыттар
Білім және қоғамдық даму
Ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттарын іске асыру, ғылыми кадрларды дамыту және ғылыми-техникалық әзірлемелер нәтижелерін ел экономикасына тиімді енгізу мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жанынан «Білім және қоғамдық даму ғылымдары» орталығы құрылды (2023 жылғы 5 мамырдағы № 4-П бұйрық).
Аталған Орталық «Білім және қоғамдық даму ғылымдары» бөлімшесінің жұмыс органы болып табылады және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы ғылыми үйлестіру, сараптама және талдамалық сүйемелдеуді жүзеге асырады.
Орталықтың миссиясы мен міндеттері
Орталық миссиясы - Білім және қоғамдық даму салаларындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды біріктіруге ықпал ету, негізгі бағыттар бойынша ғылыми жұмысты үйлестіру және олардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын арттыру.
Негізгі міндеттері
- Басым және мамандандырылған ғылыми зерттеулерді үйлестіру;
- Экономиканың тұрақты дамуы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету үшін ғылыми нәтижелер мен ғылыми-техникалық шешімдерді практикалық қызметке енгізу;
- Халықаралық және отандық серіктестермен бірлесе отырып, инновациялық және ғылыми инфрақұрылымды дамыту;
- Ғылым, білім беру ұйымдары, өндірістік секторлар және бизнес-қоғамдастық арасындағы байланыстарды нығайту;
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми сараптама, талдамалық материалдар және ұсынымдар әзірлеу;
- Ғылыми нәтижелерді білім беру практикасына және қоғамдық үдерістерге енгізу тетіктерін қалыптастыру;
- Ғылыми ұйымдар, ЖОО және зерттеу орталықтары арасындағы кооперацияны дамыту;
- Жас ғалымдарды қолдау және ғылыми кадрлар даярлау үдерісіне ықпал ету;
- Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту.
Орталық қызметінің негізгі бағыттары
- Білім беру теориясы мен әдіснамасы, педагогика және психология салаларындағы зерттеулерді сүйемелдеу;
- Әлеуметтану, саясаттану, философия және мәдениеттану бағыттарындағы талдамалық зерттеулер;
- Тарих, этнология, тіл білімі және әдебиеттану салаларындағы ғылыми жобаларды үйлестіру;
- Қоғамдық даму, әлеуметтік саясат және адами капитал мәселелерін зерттеу;
- Цифрландыру жағдайындағы білім мен қоғам трансформациясын зерделеу;
- Инклюзивті білім беру және әлеуметтік теңдік мәселелері бойынша ғылыми жұмыстар;
- Форсайт, мониторинг және бағалау зерттеулерін жүргізу;
- Ғылыми-сараптамалық және талдамалық қызмет.